- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ темір жол вокзалдарындағы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету Ережесі бекітілді
ҚТЖ темір жол вокзалдарындағы мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету Ережесі бекітілді
Жаңа Ереже бойынша, вокзал қызметкерлерінің міндетіне мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды күтіп алып, жүгін вагондарға дейін жеткізіп, өзін отырғызуға көмектесу қызметтері енгізілді. Ол үшін вокзал кезекшісініе мүгедек азаматтың келетіндігі туралы алдын ала хабарлануы тиіс. Бұл міндет арнайы нұсқамалық бойынша кезекшінің лауазымдық міндетіне енгізілді.
Мемлекет басшысының 2016 жылғы 1-қаңтарда қол қойған «Қазақстан Республикасының мүгедектерді қорғау туралы кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдайлар жасау керектігі айтылған»,-дейді Қазақстан Мүгедектері одағының төрағасы Әли Аманбаев.
Әли Аманбаевтың айтуынша, Одақ «Вокзал сервис» АҚ-ымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Оның ішінде, әлеуметтік жобаның бірі ретінде ақпараттарды ілеспе аударма жасау да көзделген.
Қазіргі таңда еліміздегі 138 теміржол вокзалында пандустардың ыңғайлы еңістігі талапқа сай жасалған. 58 вокзалда мүгедектерге арналған арбашалар да алынған. 16 вокзалдағы анықтама бюролары құлағының мүкісі бар жандарға қажетті ақпараттық жүйемен қамтылған.
Вокзал ғимараттарында арнайы дәретхана бөлмелері,вокзалдардың алдындағы алаңдарда мүмкіндігі шектеулі жандардың автокөліктері тұрағы жасалады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары