- Басты
- Жаңалықтар
- «Made in Kazakhstan» диалогтық алаңында ҚР-ның тауар өндірушілері 33,6 млрд теңгенің тапсырысын алды
«Made in Kazakhstan» диалогтық алаңында ҚР-ның тауар өндірушілері 33,6 млрд теңгенің тапсырысын алды
«Біз соңғы үш жыл мониторингінде субъектілерді сатып алудағы жергілікті қамтамасыз етудің тұрақты оң динамикасын байқап отырмыз. 2013 жылдың соңғы 9 айында жалпы қазақстандық қамтамасыз етудің үлесі 14,1% құрап, 467,2 млрд теңгеге жетті. Тауар, жұмыс пен қызмет көрсету көлемі 6 146,1 млрд теңгені құрады. Соның ішінде отандық үлес 3 781,7 млрд теңге, яғни 61,5%», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.
Министрдің айтуынша, министрлік бүгінде «Офсеттік саясат туралы» Заң жобасын дайындап қойды. Офсеттік әріптестік арқылы өнеркәсіпті жергіліктендіру жоспарланып отыр және де жоғарғы технологиялы өнімдерді өндіру бойынша біріккен кәсіпкерлік құру, жергілікті халықты үйрете отырып жұмыс істейтін технологияны өткізу, жөндеу мен орнатылған қондырғыға қызмет көрсету жұмыстарын қосатын өнеркәсіптік ұйымдар құру қарастырылуда.
Ал вице-министр Қазақстанда отандық тауар өндірушілерді қолдайтын жаңа құралдар енгізілетінін хабарлады.
«Қазіргі таңда көптеген ірі компаниялар, соның ішінде облыстық жер қойнауын игеру операторлары (Тенгизшевройл, Қашаған, Қарашығанақ) біздің кәсіпкерліктерге әлемдік деңгейдегі сертификат алуды талап етіп отыр. Мұндай құнды шара кәсіпкерліктің жаңғыруына септігін тигізеді. Сол үшін біз тауарларды, қызмет көрсету мен жұмыстарды, менеджмент жүйесін әлемдік стандарттарға (ISO, АPI, АSTM және т.б.) сай сертификаттау шығынының 50 пайызын көтеретін механизмі құрдық. Аталмыш жұмыстар келер жылдан бастап іске кіріспек», - деді Әсет Исекешев.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары