• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін құру туралы Жарлыққа қол қойды

15 Қараша, 2013 09:13
Кеше, 14 қараша күні Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Жарлығына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Жарлығына қол қойды», - деп хабарламада нақтыланған.

Жарлық бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн құру жүзеге асырылады.

Жаңа органға тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі функциялардың  беріледі.

Сондай-ақ, ҚР  Президентінің  Жарлығына орай Үкіметке  агенттікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган деп белгіленуі жүктелді.

Барлық жаңалықтар