- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК: Қазақстанның барлық деңгейлі мәслихатына 3 мыңнан астам үміткер сайланады
ҚР ОСК: Қазақстанның барлық деңгейлі мәслихатына 3 мыңнан астам үміткер сайланады
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2016 жылғы 23 ақпанда мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Ортсайлаукомда болған брифинг барысында ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев БАҚ өкілдерін сайлау науқанының аталған кезеңінің жалпы қорытындыларымен таныстырды.Жалпы республика бойынша округтік сайлау комиссиялары барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына 10825 кандидатты тіркеді. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутаттық мандатқа 3 үміткерді құрайды.Тіркелген кандидаттардың 1592-сі – облыстық мәслихаттарға, 121-і – Астана қаласының мәслихатына, 130-ы – Алматы қаласының мәслихатына тіркелді.
Аудандық мәслихаттар депутаттарының мандаттарына 6862 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға – 2120 кандидат үміткер.
Тіркелген кандидаттардың 3407-ін саяси партиялар, 17-ін - қоғамдық бірлестіктер үсынған, 7401-і - өзін-өзі ұсынғандар.
«2012 жылғы сайлаумен салыстырғанда, тіркелген кандидаттар саны 2016 жылы 1660 адамға көбейді, яғни жергілікті өкілді билік органдарына сайлауда біздің азаматтардың электораттық белсенділігі едәуір өсті» - деп атап өтті М. Сәрсембаев.
Бүгінгі күннен, яғни 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген кандидаттар үгіт жүмысына кіріседі.
«Барлық 10 мың 825 кандидат өз сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, сайлаушылар даусы үшін сайлау заңнамасының шеңберінде әділ бәсекелі күрес жүргізетініне сенім білдіреміз» - деді М. Сәрсембаев брифинг соңында.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді