- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның электрондық үкімет порталында 5-миллионыншы пайдаланушы тіркелді
Қазақстанның электрондық үкімет порталында 5-миллионыншы пайдаланушы тіркелді
«Ұлттық ақпараттық тенологиялар» АҚ хабарлағандай, қазіргі таңда электрондық үкімет порталында 240 электрондық қызмет пен сервис жүзеге асырылған. Қазақстандықтар портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы осы уақытқа дейін азаматтарға 124 млн. астам әр түрлі қызмет көрсетілген.
Сонымен қатарпайдаланушылар арасында eGovтөлем сервисі сұранысқа ие, ол арқылы салықты, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін және т.б. төлеуге болады. Олардың арасында ең жиі төленетін төлем жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды төлеу қызметі – 11 млрд.теңгеден астам. Қазақстандықтар 2 млрд. жуық теңгені мемлекеттік баж алымы үшін төледі 1,3 млрд. тенгені салық төлемдері құрады.
Электрондық үкімет порталы арқылы бюджетке төлемдерді жасау «Бір шертумен төлеу» сервисін іске қосу арқасында едәуір жеңілдеді. Бұл сервис төлем картаның деректерін қайта енгізбей бюджетке төлемдерді жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда электрондық үкімет порталымен жұмыс жасау үшін шамамен 10 млн. электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) берілген, олардың 4 млн. астамы азаматтардың жеке куәліктерінің чиптеріне жазылған.
Естеріңізге салсақ, Қазақстан электрондық үкімет дамуының деңгейі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингінде 193 елдің арасында 28 орынға ие.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер