• Басты
  • Алматы облысының әкімдігі мен «Даму» қоры өңірдегі ШОБ-ты дамыту үшін 3 млрд теңге бөлді
24 Ақпан, 2016 19:18

Алматы облысының әкімдігі мен «Даму» қоры өңірдегі ШОБ-ты дамыту үшін 3 млрд теңге бөлді

Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Даму» қоры» АҚ басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин шағын және орта бизнес субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы облысының әкімдігі мен «Даму» қоры  өңірдегі ШОБ-ты дамыту үшін 3 млрд теңге бөлді

Меморандумға сәйкес облыс әкімдігі 1 млрд. теңге, ал «Даму» қоры 2 млрд. теңге қарастырмақ. Бұл қаржылар екінші деңгейлі банктер арқылы бөлінеді. Бұл орайда бағдарламада облыстың аудан, қалалары үшін салалық шектеу қойылмайды.

Кездесу барысында мемлекеттік қолдау шараларына тоқталып өткен облыс басшысы А. Баталов шағын және орта бизнесті дамыту Мемлекет басшысы алдымызға қойған ауқымды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондықтан бұл салаға ерекше назар аударылмақ. Өңірде жыл өткен сайын шағын және орта бизнес нысандарының саны артып келеді, бұл - тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамту, тұрақты кіріс көзі деген сөз. Өз кезегінде Қ. Тулеушин 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасына шағын шолу жасап, 2016 жылдың жоспарларымен таныстырды.

«Алматы облысы шағын және орта бизнесті қолдау жағынан көш басындағы өңірлердің бірі. «Даму» қорымен бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде 2010-2015 жылдары 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, кәсіпкерлер жалпы сомасы 90 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Салық түсімдері 38,6 млрд. теңгені құрады. Көрнекті, сапалы көрсеткіш деген осы. Облыста жарқын мысалдар өте көп. Солардың ішінде «Қайнар-АКБ» аккумулятор зауыты, «Когер LTD» құс фабрикасы, «Транстал» ЖШС және басқа да көптеген нысандарды атап өтуге болады», - деді Қ. Тулеушин.

Мұнан соң ол «Даму-микро» деген әзірге жұмысшы атауымен жаңа бағдарлама жүзеге асып жатқанын жеткізді. Соның аясында 2-3 күннің ішінде жедел несиелер беріледі. Әзірге бұл бағдарламаға тек Алматы облысы мен Алматы қаласы енгізіліп отыр. Бұл ретте аймақ кәсіпкерлерді қолдау жағынан өзінің белсенділігін тағы бір танытқанын да атап өтті.

Кездесу соңында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жалпы «Даму» қоры мен Алматы облысы әкімдігінің аймақтарды дамыту бағдарламасы 2007 жылдан бері жұмыс істейтінін айта кету керек. 2015 жылы қаржыландыру көлемі тепе-теңдік негізде 1 млн. теңге болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 3 млрд. теңгені құрап отыр. 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды