- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында бюджеттен тыс қаражат есебінен 29 жоба жүзеге асырылады
Ақтөбе облысында бюджеттен тыс қаражат есебінен 29 жоба жүзеге асырылады
Өңір басшысының айтуына қарағанда, әлемдік дағдарысқа қарамастан, экономиканы одан әрі дамыту үшін жеке және шетел капиталын тарту бойынша шаралар қолға алынуда.
«Прездент «Қазақстан стратегиясы - 2050» Қазақстан халқына Жолдауында табыс түсіру, инвестиция қайтарымы қағидаларын түгел қамтитын экономикалық прагматизмге негізделетін жаңа бағыттың экономикалық саясатқа ауыстыру қажеттілігі туралы атап өткен болатын. Мемлекет басшысы бұл процестің негізгі құраушыларының бірі ретінде мемлекеттік-жекеменшік серіктесткті дамытуды атап көрсетті, - деді Бердібек Сапарбаев.
Неғұрлым басым жобалардың қатарында жедел медициналық жәрдем бекеті, қалалық балалар стоматологиясы, офтальмологиялық емхана, Мұз қалашығы, күрес сарайы, облыс орталығы мен аудандарда 14 балабақша, 3 емхана, аурухана және мектеп ғимараттарының құрылыстарын атап өтуге болады. Жобалардың жалпы құны 16 млрд теңге.
«Түркиядан инвесторлар Ақтөбе қаласында шұғыл медициналық көмек станциясының құрылысы жөнінде жобаны жүзеге асырмақшы. Жылына 150 000 шақырту қабылдайтын жобаны құны 1,8 млрд.теңге. Жедел жәрдем станциясы медициналық кластердің құрамына кіреді. Кластерді осы жылы шетел инвесторларының қатысуымен құрамыз. Кластер тек Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына ғана емес, Қызылорда болысына да қызмет көрсететін болады. «Қазхром» компаниясы 3000 орынға есептелген Мұз қалашығына 3,1 млрд теңге бөледі", - деп жоспарларымен бөлісті Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуына қарағанда, аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы ең алдымен облыс бюджетіне түсетін ауыртпалықты азайтуға болады. Қосымша 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады, 2415 баланы мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтуға болады, жедел медициналық жәрдем көрсету сапасын арттыруға, білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік пайда болады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары