- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Жаңбыршин Елбасына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының қорытындысын баяндады
Қ.Жаңбыршин Елбасына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының қорытындысын баяндады
Қ.Жаңбыршин Мемлекет басшысына Есеп комитетінің 2015 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері, бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалануда үнемі кездесетін проблемалар, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы баяндады.
Қазақстан Президенті былтыр қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңның жүзеге асырылуын және мемлекеттік аудитке тиімді түрде көшуді қамтамасыз етуді тапсырды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған қажетті жағдайлар жасалғанын, Комитет мәртебесі көтеріліп, мақсаттарының аясы кеңейтілгенін, тиісті мамандарды қайта даярлау жүргізіліп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аудиттің қаржы мәселелерін ғана емес, орган қызметінің тиімділігін барлық бағытта бағалауды да қамтуы тиістігіне назар аударды.
Қ.Жаңбыршин былтыр Есеп комитеті 303 нысанда 29 бақылау шарасы жүргізгенін мәлімдеді. Анықталған қаржылық заң бұзушылықтар құнының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 3 есе ұлғайып, 1,3 триллион теңге болған. Бақылау шараларының нәтижесі бойынша орны толтырылуға тиіс 128,8 миллиард теңгенің 87,2 миллиард теңгесі өтелген.
Есеп комитетінің төрағасы жүргізілген тексерулер мен бақылау-талдау шаралары қорытындысы бойынша Үкіметке және басқа да бақылау нысандарына 46 ұсыным мен 180 тапсырма жолданғанын айтты. Бұл орайда ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуы тиісінше 98% және 95,8% болды.
Қ.Жаңбыршин бюджеттік және басқа заңнамаларды бұзғаны үшін 75 заңды тұлға және 66 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 271 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарына бақылау шараларына қатысты 40 материал берілді.
Есеп комитетінің төрағасы Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ облыстардың ревизиялық комиссияларының 2015 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы да баяндады.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілмек -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Көлік салығын есептеу мен төлеуде қандай өзгерістер бар -
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды -
Есеп комитеті: Бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлау және жұмсау көбейді -
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Облыс әкімдері Президентке есеп берді -
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»