- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейге 1300-ге жуық құнды жәдігер тапсырылды
Ұлттық музейге 1300-ге жуық құнды жәдігер тапсырылды
Бұл жолы Ұлттық музейге сыйға тартылған жәдігерлердің қатарында Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев және Зейнулла Алшынбаевтың жеке заттары, ҚР және КСРО Халық әртiсi Роза Бағланова және эстрада әншiсi Мадина Ералиеваның сахналық костюмдерi, отандық велошабандоз Александр Винокуровтың велосипедi және тағы бiрқатар жеке заттары бар.
"Бүгiнгi акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат - ұлттық тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мәселесiне қоғам назарын аудару, ел арасында елеусiз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың танымал тұлғаларынан қалған жәдiгерлердi көпшiлiк назарына ұсыну үшiн музейге тапсыруға үндеу. Себебi, мұндай жәдiгерлердi Ұлттық музейге тапсыру ол азаматтардың есiмiнiң өшпеуiне, өскелең ұрпаққа жетуiне кепiл болмақ", - дедi ҚР Ұлттық музейi директорының орынбасары Жакен Таймағамбетов.
Сонымен қатар ҚР көркемөнер Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеужан Батанов, символист-суретші, «Қазақ Елі» монументінің авторы, мүсінші Сембіғали Смағұлов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, суретші-монументші Ерлан Сахипұлы сынды бiрқатар суретші, мүсіншілер де өз туындыларын музейге сый ретінде табыстады.
Еске сала кетсек, «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылы наурыз айында басталған болатын. Акция осы уақытқа дейін Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында ұйымдастырылды. Нәтижесінде 1300-дей құнды жәдігер Ұлттық музей залдарынан орын алған болатын. Аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді