- Басты
- Жаңалықтар
- «Айбалта – 2016» оқу-жаттығуы шеңберінде Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерін тексерді
«Айбалта – 2016» оқу-жаттығуы шеңберінде Әуе қорғанысы күштерінің бөлімшелерін тексерді
Әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтың барысы, жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйі, тәртіп пен моральдық-психологиялық жай-күйі мәселелерінде тексерілді.
ӘҚК бас қолбасшысы Талдықорған авиациялық базасында ұшулардың іске асырылуына жеке қатысып, ұшу құрамының дайындығына баға берді. Ұшулар орағытудың күрделі түрлерінен жерүсті нысаналарды шабуылдаумен жұп болып күрделі метеорологиялық жағдайларда орындалды. Ұшу құрамын тексеру кездейсоқ болған жоқ және «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өткізілді.
Өткізілген оқу-жаттықтыру ұшуларда жұп болып әрекет еткен Су-30СМ ұшақтарында майор Аслан Құлбасов, Әбілмәжит Жанахметов, Владимир Ткач, Руслан Смағұлов құрамындағы экипаждар үздік болды. Жетіген гарнизонындағы жұмыс сапары аясында ӘҚК бас қолбасшысы 78639 әскери бөлімінің қайта орналасу барысын тексерді. Жұмыс барысында жаңа оқу корпусының ғимараты, оқу-материалдық базаның нысандары, жеке құрамның орналасу орындары, жатақхана, әскери қалашық, автомобильді парк және асхана тексерілді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер