- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева: ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады (ФОТО)
Д.Назарбаева: ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады (ФОТО)
«ЭКСПО-2017 «жасыл» энергетика саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін алаң болады және ол энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға септігін тигізеді. Қазақстан әлемдік трендтен алшақтамайды және экономиканы «жасыл» негізге өзгертуде»,-деді ол.
Вице-премьердің айтуынша, 2015 жылы қуаттылығы шамамен 120 МВТ болатын 14 жаңартылатын энергия жобалары енгізілді. Жалпы алғанда, өткен жыл ішінде, жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі шамамен 700 млн кВт / сағ құрады.
«Н.Назарбаевтың бастамасы – жаһандық энергетикалық стратегиясы мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына БҰҰ-ның конференциясымен қолдау көрсетілді. Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын және 2020 жылға дейінгі тиісті шаралар жоспарын қабылдадық. Елімізде «жасыл» экономика бойынша Кеңес орнатылды»,- деді Д.Назарбаева.
Айта кететін жайт, осы уақытқа дейін Астанада өтетін 2017 жылғы көрмеге әлемнің 75 мемлекеті ресми түрде өз келісімдерін берді және қатысулары бойынша 28 келісім-шартқа қол қойылды. Аталмыш жиналыс аясында қосымша келісім-шарттарға қол қойылады.
«2015 жылдың 5 қараша айында Парижге Президент Н.Назарбаевтың барған сапары аясында көрменің Халықаралық бюросымен халықаралық қатысушылар үшін жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімшартқа қол қойылды. А.ж. 18 ақпа айында аталмыш келісімшартты ратификациялау бойынша тиісті заң қабылданды. Біз Халықаралық көрмелер бюросының ынтымақтастығына үлкен мән береміз»,-деді Д.Назарбаева.
Айта кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың халықаралық жиналысы өтіп жатыр.
Индира Қауметова
Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты