- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе мен ГФР арасындағы сауда айналымы 178 млн долларды құрады (ФОТО)
Ақтөбе мен ГФР арасындағы сауда айналымы 178 млн долларды құрады (ФОТО)
Кездесу барысында тараптар Ақтөбе облысы мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы көрсеткіштерін, сонымен қатар екі жақты сауда – экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту жолдарын талқылады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Германия арасындағы сауда айналымы 178 млн. долларды құрады. Қазіргі уақытта облыс аумағында негізінен сауда, көлік-экспедициялық қызметтер мен техникалық кеңестер беру саласында неміс фирмаларының қатысуымен 25 кәсіпорын жұмыс істейді.
Бердібек Сапарбаев Германиямен мәдени-іскер байланысты дамыту үшін, әсіресе өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, медицина, көлік және логистика салаларында үлкен резерв барына сенім білдірді.
Джонни Крамердің назарына ГФР бизнесмендерінің қызығушылығын тудыруы мүмкін инвестициялық жобалар ұсынылды.
Меймандардың назарына ұсынылған жобалардың бірі Ақтөбе қаласында халықаралық әуежай ауданында жалпы құны 12 миллиард теңге болатын көлік-логистикалық орталық құрылысы болды.
Облыс басшысы көлік-логистикалық орталықтың болашақта тиімді болатынын жеткізді, өйткені оның Ақтөбеде орналасуы үлкен көлемдегі еуроазиялық тауар ағымын ұқсатуға идеалды жағдайлар жасайды.
Ақтөбе облысы Германиядан қара металл, өнеркәсіп, тұрмыстық жабдықтар мен автомобильдер үшін қосалқы бөлшектер импорттайтын болғандықтан, ГФР Елшісінің тұрақты орынбасарына біздің өңірде аталған тауарлар өндірісі немесе құрастыру бойынша жобалар ұсынылды.
Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының көп жағдайда географиялық тұрғыда тиімді орналасқанын жеткізді, бұл өз кезегінде Ресей, Қытай, Батыс Еуропа мен Орта Азия елдері нарығына жол ашады.
“Сонымен бірге біз минерал-шикізат қорына баймыз. Өңірде пайдалы қазбалар өндіретін 340 кен орны бар. Инвесторларды тартатыны да сондықтан. Біз химия құрылысы және медицина саласындағы неміс кәсіпорындарымен байланыс орнатқымыз келеді. Еліміздің барлық өңірі секілді Ақтөбе облысы аумағында да инвесторларды қолдау инструменттері бар. Біздің аймақта жұмыс істеуді жоспарлап отырған Германия бизнесмендеріне қолдау көрсетуге даярмыз”, - деді Бердібек Сапарбаев.
Өз кезегінде Джонни Крамер Ақтөбе облысына ресми сапары барысында өңірдің экономикалық әлеуетімен танысқанын жеткізді.
“Ақтөбедегі неміс фирмаларының өкілдерімен кездескенімде олар мұнда жақсы табыс түсіріп отырғандарын жеткізді. Бұл да аймақтағы инвестициялық климаттың жақсы екендігін білдіреді. Сіздің облыста тұратын неміс диаспорасының өкілдері үшін ана тілі мен мәдениетін үйренуге барлық жағдай жасалған. Осы бағытта көрсетіп жатқан қолдауыңызға алғысымды білдіремін. Біз одан әрі іскерлік бацланыс орнатуға мүдделілілік танытамыз”, - деді Джонни Крамер.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді