- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Мемлекет қауіпсіздіктің және құқық тәртібінің қажетті деңгейін сақтап қалады
Н.Назарбаев: Мемлекет қауіпсіздіктің және құқық тәртібінің қажетті деңгейін сақтап қалады
Отырыста Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының 2015 жылғы жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ көші-қон саясатын жүргізу жайы қарастырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет әлемдік экономикалық дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, мойнына алған әлеуметтік міндеттемелерді мүлтіксіз орындап, қорғаныс қабілеттілігінің, қауіпсіздіктің және құқық тәртібінің қажетті деңгейін сақтап қалатынын атап өтті.
Қазақстан Президенті экономикалық өсімнің қарқынын бәсеңдететін жаһандық факторлар ықпалын, көршілес өңірлердегі діни-экстремистік және террорлық сипаттағы қатерлердің арта түсуін елеулі қауіптер мен сын-қатерлер қатарында атады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ қалыптасқан жағдайда дағдарыс құбылыстарына лайықты түрде қарсы тұру үшін Қазақстан қоғамын ұйыстырудың маңыздылығын атап өтті.
Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев өз баяндамасында мемлекеттік органдардың 2015 жылғы жұмыс қорытындыларына баға берумен қатар, алдағы кезеңнің басымдықтары мен міндеттеріне назар аударды. Ол сондай-ақ әлемдегі экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар экономиканы әртараптандыру және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
Н.Ермекбаев құқық қорғау органдарының қызметін бұдан әрі жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы қадамдар туралы әңгімеледі.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова және Ішкі істер министрі Қ.Қасымов сөз сөйледі. Көші-қон үдерістерін реттеудің маңызды екі мақсаты бар екені атап өтілді. Бір жағынан, экономикалық өсімді ынталандыру үшін еңбек ресурстарын, соның ішінде қайта оралған қандастарымызды және жоғары білікті шетелдік мамандар легін ел ішіне жүйелі түрде орналастыру қажет. Екінші жағынан, Қазақстанға халықаралық террорлық топтардың идеологтары мен үгітшілерінің, қылмыс әлемі өкілдерінің, заңсыз мигранттардың келуіне жол беруге болмайды.
Отырыс барысында елімізде Конституция бойынша қос азаматтықтың мойындалмайтынын, соған байланысты мұндай жағдайларға жол бермеу қажет екені атап өтілді.
Жер телімдерін өздігімен басып алудың, бекітілген ережеден тыс бей-берекет құрылыстардың жолы кесілуі тиістігі де айтылды.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар ұйымдастырылған ішкі көші-қонның маңыздылығына назар аударды. Бұл азаматтардың ел аумағында орналасудағы теңсіздігін жоюды, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына жетуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік кеңесі аппаратына жүктеді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр