- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы 4,4 мыңнан астам мүгедек азаматтар «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты
2015 жылы 4,4 мыңнан астам мүгедек азаматтар «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысты
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 2015 құрылған жұмыс орындарына 154 мүгедек адам орналастырылды.
Екінші бағыт бойынша (кәсіпкерлікті дамыту арқылы арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамыту) 348 мүмкіндігі шектеулі адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, микрокредит алды, оның ішінде 199 адам алғаш рет өз істерін ашып, кәсіпкер болды.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) кәсіби оқумен 200 азамат қамтамасыз етіліп, оның 144-і жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 2015 жылы үшінші бағыт бойынша экономикалық өсім орталықтарына 36 мүгедек адам отбасыларымен көшірілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасының аясында 865 мүгедек жұмысқа орналастырылды.
Сонымен бірге, 2 мың 859 мүгедек адам мемлекеттің қолдау шараларынсыз бос орындар базасындағы жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 24 қарашада Елбасы мүгедектерге арналған жұмыс орындары квотасын ұйымның жалпы жұмысшылар санынан 2-ден 4%-ға дейінгі мөлшерде белгілеу нормалары енгізілген «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Бұл ретте мүгедектерді жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыс берушілер шығындарын республикалық бюджет есебінен субсидиялау арқылы тиісті жабдықталған жұмыс орындары құрылатын болады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді