Астанада 25 ақпанда жаңа 21 жылдамдық өлшеу құралы іске қосылады

23 Ақпан, 2016 16:08
25 ақпаннан бастап Астанада көлік құралдарының жылдамдығын өлшейтін жаңа 21 «Вокорд-Циклоп» кешені іске қосылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласы ІІД ӘПБ электрондық қызметтерді автоматтандыру бөлімінің басшысы Нұржан Әділов айтты.

Жылдамдық өлшейтін жаңа кешендер «Қауіпсіз қала» жобасы аясында қала көшелеріне орнатылып отыр.

«Вокорд» кешендері қаланың апат көп болатын учаскелерінде жүргізілген талдауға сәйкес мына жол аумақтарына қойылды:

1. Екі кешен Қорғалжын тас жолындағы тазарту құрылғыларына қарама-қарсы жерде;

2. Бес кешен Сығанақ көшесінің бойында (көшенің бас жағында жəне Орынбор көшесімен қиылысатын жерде);

3. Екі жылдамдық өлшеу құралы Тұран даңғылында (Ұлттық қорғаныс университетіне қарсы);

4. Екі кешен қаладан оңтүстік бағытта шыға берістегі «Қарқаралы» тас жолының бойында («Garden Village» қалашығына қарсы бетте);

5. Екі кешен Керей мен Жəнібек хандар көшесі бойынша  «Саранда» тұрғын үй кешеніне қарсы аумақта;

6. Алты жылдамдық өлшегіш құрал «Астана-Қарағанды» тас жолының бойында орналасқан «Метро» сауда орталығына қарама-қарсы аймақта, айналма көпір мен Мичурино ауылы арасында;

7. Екі жылдамдық өлшеу құралы Байырқөм көшесіндегі көкөніс базасына қарсы бетте орналастырылды.

Барлық жаңалықтар