• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өңірлерді дамыту бағдарламасы Өңірлік даму министрлігінің 7 бағдарламасын біріктіреді – Б.Жәмішев

Өңірлерді дамыту бағдарламасы Өңірлік даму министрлігінің 7 бағдарламасын біріктіреді – Б.Жәмішев

14 Қараша, 2013 18:11
Өңірлік даму министрлігі 7 бағдарлманың басын біріктіретін Өңірлік даму бағдарламасын құру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

«Жобалар дайындалды, жекелеген бағдарламалар және бағдарламаның бөлімдері емес, бұл қазіргі 7 бағдарламаның басын біріктіретін бір ғана өңірлік даму бағдарламасы болмақ», - деді министр.

Айта кету керек, ертеректе салалық бағдарламалардың қосылатыны туралы айтылып еді, соның ішінде «Ақ бұлақ», «Моноқалаларды дамыту», «Қолжетімді баспана», «ТКШ жаңғырту» және өзге де бағдарламалар бар.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының Үкіметке берген тапсырмасына сай, Министрлер кабинеті мемлекеттік жоспарлау бойынша белсенді қызмет атқаруда. Соның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды оңтайландыру мен тексеру жұмыстары қамтылған.

Сонымен 46 бағдарламаға тексеріс жүргізілмек, оның 41-і салалық, 5-еуі мемлекттік бағдарлама.

Сонымен қатар бағдарламалардың критерийі ретінде әлеуметтік бағытталуы, сапалы жұмыс орындарының ашылуы мен еңбек өнімділігінің артуы қарастырылады. Жоспар бойынша, ұқсас бағыттағы бағдарламалар біріктірілмек.

Барлық жаңалықтар