• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық делегат кенді қолдану бойынша ТМД елдерінің үкіметаралық кеңесінің сессиясына қатысады

Қазақстандық делегат кенді қолдану бойынша ТМД елдерінің үкіметаралық кеңесінің сессиясына қатысады

14 Қараша, 2013 18:01
Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері арасында XVII үкіметаралық кеңесінің сессиясы өтуде. Ол кенді тиімді пайдалану сұрақтарын талқылауға бағытталған жиынға қазақстандық делегат та қатысуда, деп «Қазгеология» АҚ мәлімдеді.

«Қазақстандық тараптан XVII Үкіметаралық кеңес сессиясына Геология мен табиғи қазба-байлықтарын пайдалану комитеті, «Қазгеология» АҚ мен қазба-байлықтарын қолдану компаниясының өкілдері қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Жиында делегат өкілдері ТМД елдерінің арасында Үкіметаралық кеңесте минералды шикізаттар мен тау-кен байыту қазба байлықтарын қолдану бойынша  келісім шарттарға қол қойылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Еуразия» халықаралық жобасының құрастыру бағыттаушысы болып отыр. Ол Каспий теңізінің тереңдігін зерттеу мен тереңдікте орналасқан 14-15 км құрайтын құбырларды зерттеуге бағытталған.

Жобаны жүзеге асыру үшін халықаралық консорциумы бойынша ауқымды мұнай компаниясын құру жоспарланып отыр. Жұмыстардың көп бөлігі Қазақстанда және РФ жүзеге асырылады. 

Барлық жаңалықтар