- Басты
- Жаңалықтар
- «Мәңгілік ел» пойызының мамандары 8 күн ішінде 7 мың қазақстандыққа кеңес берді
«Мәңгілік ел» пойызының мамандары 8 күн ішінде 7 мың қазақстандыққа кеңес берді
«Бірінші жұмада біз Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарын араладық. Мамандар 7055 адамды әр түрлі сұрақтар бойынша қарады. Делегация құрамында барлық министрлік өкілдері, ҚХА өкілдері, «Даму» қоры мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгро» холдингінің өкілдері бар. Барлық әлеуметтік тақырыптар қозғалды», - деді «Мәңгілік ел» пойызының жетекшісі Әміржан Әлпейісов.
Оның айтуынша, делегация құрамының 70 пайызы сапарда өзгереді. Ә.Әлпейісов атап өткендей, консультацияда көтерілген барлық мәселелер Астанада жоғары дәрежеде шешілуі керек.
Барлық министрліктердің 100-ге тарта маманы тұрғындарды қабылдап, кеңес бермек. Денсаулық сақтау саласынан 30-дан астам өкіл бар. Кешкісін қалалық мәдениет үйінде гала концерт өтпек. Естеріңзге сала кетсек, «Мәңгілік ел» пойызы Қазақстан бойынша сапарын 15-ақпанда бастады.
Акцияға қатысушылар 34 елді-мекенде болады деп жоспарланған. Пойыз 74 станса арқылы өтпек. Семей – пойыз тоқтаған сегізінші аялдама. Келесі бағыт- Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалалары. Одан кейін Қостанай облысы мен батыс өңірлерге бармақ. Пойыз 18-наурыз күні Алматыда соңғы бекетке аядайтын болады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді