- Басты
- Жаңалықтар
- «Айбалта – 2016» оқу-жаттығуына тартылған әскери авиация шабуыл әуейлағына орналасты (ФОТО)
«Айбалта – 2016» оқу-жаттығуына тартылған әскери авиация шабуыл әуейлағына орналасты (ФОТО)
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Су-25 шабуылдағыштары, МиГ-27 бомбалаушы-жойғыштарының экипаждары Семей қаласының маңындағы полигонда авиациялық соққы жасап, әрі қарай өзге шабуыл әуеайлағына Аягөзге отырғызылады.
«Шабуыл әуеайлақтары ұшақтарды жауынгерлік жиынтығын толтыру және толық құю, сондай-ақ авиацияның іс-әрекетінің қашықтығын ұлғайту мақсатында аз уақытта тұрақтау үшін арналған. Мұның барлығы ұшу құрамынан таңсық әуеайлаққа отырғызуға ұшу құрамынан мұқият дайындықты, ал инженерлік-техникалық құрамнан қысқартылған құрамда ұшақтардың сапалы даярлығын қажет етеді», - деп ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.
Авиация үшін аталмыш оқу-жаттығудың ерекшелігі оның төмен температура және күрделі метеорологиялық жағдайларда қысқы кезеңде өткізілуі болып табылады. Ұшақтардың орнығуының алдында шабуыл әуеайлақтарында ұшу-қондыру жолағының дайындығы болды. Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етудің қосымша құралдарын, сондай-ақ материалдық құралдар мен авиациялық жою құралдарының қорын автомобильді көлікпен жеткізу.
Бұдан бұрын кеңес уақытында Үшарал және Аягөз әуеайлақтарында МиГ-21 жойғыштарының полктары орналасқанын айта кетейік. Қазіргі уақытта онда жауынгерлік әзірлік жай-күйде ұстап тұратын авиациялық комендатуралар бар. Жойғыштар мен шабуылдағыштарды қондыруға дейін Үшарал және Аягөз әуеайлақтары тек қана әскери-көліктік авиацияның ұшақтары және тікұшақтарымен қолданылды.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Азаматтық авиация: Ұшу қауіпсіздігі, әуежайларды жаңғырту және маман тапшылығы мәселесі -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі