- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК: Мәжіліс сайлауын ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ШЫҰ миссиялары бақылайтын болады
ҚР ОСК: Мәжіліс сайлауын ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ШЫҰ миссиялары бақылайтын болады
«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ), 1999 жылғы президенттік сайлаудан бастап;Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – 2004 жылғы Мәжіліс депутаттарын сайлаудан бастап;Шанхай ынтымақтастық ұйымы – 2007 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлаудан бастап.Сайлауды байқау жөніндегі Миссия – ДИАҚБ қызметінің неғұрлым ауқымды нысаны. Оның құрамына сарапшылардың негізгі тобы, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді байқаушылар кіреді», - деді Т.Охлопкова.
Миссияның құрамында сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының, Еуропалық Парламенттің және басқа да парламенттік ұйымдардың делегациялары болуы мүмкін.
ДИАҚБ-ның кез келген деңгейдегі сайлауды байқауға мандаты бар. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы Борис Фрлец Ортсайлауком Төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұловпен 2016 жылғы 17 ақпанда болған кездесуде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы жергілікті сайлауды байқауды жүзеге асырмайтынын мәлімдеді.
ЕҚЫҰ байқаушыларының қызметі Сайлауды байқау жөніндегі нұсқаумен регламенттеледі. ТМД байқаушылары үшін негізқалаушы құжат 2004 жылы 26 наурызда Сыртқы істер министрлері кеңесінің шешімімен бекітілген президенттік және парламенттік сайлаудағы ТМД-дан байқаушылар Миссиясы туралы ереже болып табылады.
ТМД Миссиясының құрамына ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Беларусь және Ресей Одағы Жиналысының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясының делегациялары кіре алады. ШЫҰ байқаушылары өз жұмысында Сыртқы істер министрлерінің 2006 жылы 15 мамырдағы шешімімен бекітілген президенттік және парламенттік сайлаудағы, сондай-ақ референдумдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар Миссиясы туралы ережені басшылыққа алады.
ТМД-дан және ШЫҰ-дан байқаушылар Миссиясының жергілікті сайлауды байқауға мандаты жоқ, олар президенттік, парламенттік сайлауды және референдумдарды ғана байқауды жүзеге асыруға құқылы.
Миссиялар сайлауды әзірлеу мен өткізу барысында Ортсайлаукомға аралық есептерін жібере алады.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар