- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да Қазақстандағы барлық жылыжайдың 90% орналасқан
ОҚО-да Қазақстандағы барлық жылыжайдың 90% орналасқан
Өткен жылы Оңтүстiк Қазақстан облысында 115 га жылыжай iске қосылған. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұлов мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Облыстағы ауыл шаруашылық саласының жалпы өнiм көлемi жыл сайын тұрақты түрде шамамен 20 млрд теңгеге өсiп келедi. 2015 жылы жалпы өнiм көлемi 345 млрд теңгенi құрады. Жергiлiктi өндiрiс облыстың жемiс пен көкөнiске деген сұранысын толық қанағаттандырып, республиканы да бiршама бақша дақылдарымен қамтамасыз етiп отыр. Соның iшiнде, республиканы бақша дақылдары бойынша 65%, жүзiммен 60%, жемiс-жидектердiң 36% қамтамасыз ету бiздiң облысқа тиесiлi», - дедi ол.
Б.Атамқұлов өз сөзiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы мақта өсiрумен айналысатын республикадағы жалғыз өңiр екенiн айтып, республиканың осы өнiмге деген сұранысын 100%-ға қамтамасыз етiп отырғанын атап өттi.
«Облыстағы егiн алқабы 773 мың гектарды құраса, суармалы жер аумағы 440 мың гектарға жетiп отыр. Облыс бойынша жылыжайлардың жалпы көлемi бүгiнде 1025 гектарды құрайды. Соның iшiнде, бiз өткен жылы 115 гектар аумақта жылыжайды iске қостық. Осы орайда айта кету керек, республиканың жылыжайлар бойынша көрсеткiшiнiң 87%-ы Оңтүстiк Қазақстан облысына, соның iшiнде 47%-ы бiр ғана Сарыағаш ауданына тиесiлi», - дедi облыс әкiмi.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Қазақстандағы эпидахуал: Коронавирус жұқтырғандар саны 1,6%-ға азайды -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстандағы эпидахуал: Вирус жұқтырғандар саны, вакциналау және «Ашық» қосымшасы -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды