- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан темір жолы» Солтүстік Қазақстан облысы зауыттарына тапсырысты ұлғайтады
«Қазақстан темір жолы» Солтүстік Қазақстан облысы зауыттарына тапсырысты ұлғайтады
Бұл кәсіпорын 1993 жылдан бері теміржол өнімдері: жартылай ашық жүк вагондарын, астық вагондарын, платформаларды шығарады.
А.Маминнің айтуынша, еліміздегі вагон паркін жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде, вагон жасаушыларды қолдауға барлығы 17,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Оның негізгі бөлігін ҚТЖ «ЗИКСТО» зауытына орналастыруды жоспарлады.
2015 жыл қорытындысы бойынша кәсіпорынның өнім көлемі артты. «ЗИКСТО» зауытының бас директоры Валерий Спициннің айтуынша, өнім көлемін одан да арттыруға мүмкіндік бар.
Оның айтуынша, кәсіпорын жылжымалы құрамның жаңа түрі – вагон платформасының дара бөлігі түрін жасауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жүк көлемін көбірек тиеуге келетін жартылай ашық вагон түрін жасау мәселесі талқылануда.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е. Сұлтанов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А. Мамин басқа да кәсіпорындарды аралап, темір жол көлігіне қажетті жинақтарды, қосалқы бөлшектерді, қондырғылар мен агрегаттардың көрмесімен танысты.
Петропавлдың ауыр машина жасау зауыты он жылдан бері ҚТЖ-мен серіктестік орнатқан. Өткен жылы 700 миллион теңгенің тапсырысын орындады. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Қуаныш Бишімовтің айтуынша, үстіміздегі жылы тапсырыс көлемін екі есеге өсірмек.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты