- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысы мен Чехия экономиканың әр саласында ынтымақтастуға мүдделі
Павлодар облысы мен Чехия экономиканың әр саласында ынтымақтастуға мүдделі
«Біз Еуропаның көшбасшы елдерімен арадағы әріптестікті нығайтып, ары қарай дамытуды белсенді жүргізіп келеміз. Чехиялық әріптестерімізбен де өзара тиімді әрекеттестік бойынша ұсыныстарды талқылауға әзірміз», - деп атап өтті Қ.Бозымбаев.
Сонымен бірге, Қанат Бозымбаев аймағымызда инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалғандығын айтты. Соңғы жылдары негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі тұрақты түрде артып келеді. Шет елдік инвестициялар өңір экономикасына тартылған жалпы инвестициялар көлемінің 25 пайызын құрайды.
Мәселен, арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымының 1-ші кезектегі құрылысы аяқталды. Экономикалық аймақтың негізгі бағыттары – химия, мұнай-химия және түсті металлургия салаларын дамыту болып табылады. Сондай-ақ, автомобиль өнеркәсібіне қажетті қосалқы бөлшектерді жасау өндірісін іске қосу жоспарланып отыр.
Өңірімізде өндірілетін алюминийден жасалған дайын бұйымдар, темір жол машиналары құрылысының өнімдері, өндірістік және тұрмыстық химия өнімдері жаңа аймақтық брендке айналуы мүмкін.
Сонымен бірге, аймақ басшысы облыста құрылған Инвестицияларды тарту жөніндегі Агенттік, Экологиялық технологиялар жөніндегі құзыреттіліктер Орталығы мен басқа да даму институттары екі жақты қарым-қатынастарды жақсартуға және жүзеге асыруға септігін тигізеді деп есептейді.
Сондай-ақ, Павлодар облысында автомобиль, темір жол, су және әуе көліктерін бірыңғай коммуникациялар желісіне жұмылдырған дамыған көлік кешені бар.
Өз кезегінде Чехия Республикасының елшісі Элишка Жигова ханым чехиялық бизнесмендердің металлургия, химия, темір жол өнеркәсібінің өнімдеріне және «Роса» АҚ базасының негізінде сыра және алкогольсіз сусындар өндірісін дамытуға қызығушылық танытатындарын жеткізді.
Сонымен бірге, Элишка Жигова Павлодар облысының мүмкіндіктерін чехиялық бизнесмендерге таныстырып, оларды жақын арада өңірімізде өтетін инвестициялық формуға шақыратынын айтты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады