- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ФОТО)
ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы еркін күрестен Азия чемпионы атанды (ФОТО)
Таиландтың бас шаһары Бангкокта күрестің үш түрі, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен чемпионат өтуде. Еркін күрестен сайысуда шешуші белдесуде армия спортшысы Дәулет Ниязбеков 10:0 есебімен Иран спортшысы Бехнам Еxсанпурды ойсырата жеңді.
Дәулет Ниязбеков Азия чемпионы болып екінші мәрте атанып отырғанын, яғни, дәл осы дәрежеге 2015 жылы ие болғанын айта кетейік. «Қазіргі сәтте менің басты мақсатым – еркін күрестен әлем чемпионы атану. Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көріну үшін мен барлық ауқымды жарыстарға қатысуға тырысамын», - деп өткізілген белдесуден кейін спортшы ойымен бөлісті.
Бүгінгі таңда ҚР Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубында әлемдік турнирлерде өздерінің көптеген жеңістерімен қазақстандық спорттың деңгейін асқақтатып жүрген дарынды спортшылар қызмет етіп жүргенін естеріңізге сала кетейік. Әскери сарапшылар жауынгерлік даярлық нәтижесінің 70 пайызы жауынгерлердің дене шынықтыруына байланысты екенін әлдеқашан мойындап қойған. Шын мәнінде дене даярлығы жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігінің негізі болып табылады.
Армия спортшылары Олимпиадалық және Азия ойындарына, әлем чемпионаттары мен әртүрлі континентальді біріншіліктерге қатыса отырып, Қарулы Күштердің имиджін нығайтуға елеулі үлес қосуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
ІІМ: Жалған вакцина паспорт иелерін анықтау мақсатында қандай жұмыс жүргізілуде -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы