- Басты
- Жаңалықтар
- «Саламатты Қазақстан» пойызы Жеңіс бекетінің тұрғындарын тексерістен өткізеді (ФОТО)
«Саламатты Қазақстан» пойызы Жеңіс бекетінің тұрғындарын тексерістен өткізеді (ФОТО)
2016 жылдың 16 және 19 ақпан аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.
Бүгінгі күні барлығы 353 адам, оның ішінде 235 бала тексерілді. Дәрігерлік қаралудан 1792 адам өтті. 4295 диагностикалық процеруда жүргізілді (302 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 364 бас миының эхоэнцефалография және ультрадыбыстық допплерографиясы, 179 электрокардиография, 101 көздің ішкі қысымын өлшеу, 213 рентгенологиялық зерттеу, 33 эндоскопия, 3103 клиникалық-биохимиялық анализ), 26 кіші емханалық ота жасалды.
“Маммолог дәрігерден 134 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 163 тұрғынға көрсетілді. Пойыз мамандары 171 ауруды тіркеген, оның ішінде 20 бала бар. Жаңадан пайда болған 1 дерт анықталған”, - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өз кезегінде пойыздардың дайындығына белсене түрде атсалысты. Азаматтық қорғау қызметкерлері эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, баспақы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше көңіл бөле отырып, объектілердің және іс-шаралар өткізу орындарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, пойыз мамандарымен түрлі сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою және техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқама жүргізілді. Темір жол станцияларының аумағында инженерлік-инспекторлық құрамның және авариялық-құтқару қызметтерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
15 ақпан күні шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» пойызына старт берілді. Ағымдағы жылдың алғашқы сапарында медициналық пойыздың дәрігерлері Қарағанды облысының 19 бекетін қамтуды көздеп отыр. «Дөңгелекті поликлиника» барлық қажетті диагностикалық аппаратура мен 18-ден аса дәрігерлік мамандық иегерлері жиналған жоғары кәсіби медициналық кадрлармен қамтылған. Оған қоса, мамандар біліктілігі бірінші санаттан кем емес дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлермен қамтылған.
-
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі» -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
«Пластиксіз Қазақстан»: Қалдықсыз қоғам қалыптастыру үшін не істеу керек -
«Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО ауылдарының тұрғындарына 2,5 млрд теңге беріледі