• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҮЕҰ ҚР-да үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларына арналған магистратура құруды ұсынды

ҮЕҰ ҚР-да үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларына арналған магистратура құруды ұсынды

14 Қараша, 2013 18:17
Қазақстанның VI Азаматтық форумы аясында өткен ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері ҚР-да үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларына арналған магистратура құруды ұсынды, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.

«Біздің міндетіміздің бірі – үкіметтік емес ұйым көшбасшыларына арналған магистратура ашу. Менің ойымша, бұл қазіргі кезде өте керек, өйткені біздің ҮЕҰ көшбасшылары білімді адамдар, алайда олардың жүйелі білім алуларына мүмкіндік жоқ» , - деді Халықаралық бизнес академиясының профессоры, ҮЕҰ сараптама орталығының жетекшісі Бақытнұр Отарбаева.

Оның айтуынша, қазіргі таңда «Коммерциялық емес ұйымдарды басқару» мамандығын реестрге енгізу қажеттілігі бар.

Өз кезегінде еліміздің бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов бұл мәселенің білім беру жүйесінде жан-жақты қарастырылатынын айтты.

«Жалпы, жаңа мамандық ашу мәселелерін біз ЖОО арқылы шешуді ұсынамыз. Негізінен ЖОО белгілі бір дәрежеде еркіндікке иелік етулері керек. Ол нарықтың жағдайына қарай икемделе білуі қажет. Егер нарықта әлдебір мамандыққа сұраныс болса, ЖОО осы сұранысқа жауап беретін мамандарды дайындап шығуға талпынуы керек. Бұл нарықтық экономика мен бәсекелетік заңдылығы», - деді министр.

Барлық жаңалықтар