- Басты
- Жаңалықтар
- МЖӘ туралы заң мемлекет пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
МЖӘ туралы заң мемлекет пен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
МЖӘ бизнеске өзара тиімді жағдайда ұлттық экономиканың барлық салаларында мемлекетпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық құру арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, мемлекет әлеуметтік саласының мәселелерін шешу, бизнес – кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдай және табыс көруде қосымша мүмкіндік алады.
Заңның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен жеке сектор арасында қолжетімділік деңгейін және қоғамдық игілік пен қызмет көрсету сапасын көтеру үшін қорларды біріктіру арқылы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және күшейту болып табылады.
«Білім беру, денсаулық сақтау және автожол құрылысы сияқты негізгі салаларымен қатар, Заң ерекше стратегиялық маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақты, су шаруашылық құрылысын (бөгет, су торабы) қоспағанда экономиканың барлық салаларында МЖӘ дамуын көздейтінін» - ҚР ҰЭМ бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің директоры Нұрым Аязбаев атап өтті.
Нұрым Аязбаев МЖӘ туралы заң қабылдағалы Қазақстанда «бәсекелік диалог» тетігі енгізілуде деп түсіндірді, ол мемлекет МЖӘ жоспарлаған жобалары туралы жариялағанда, ал барлық мүдделі тұлғалар жоба тұжырымдамасын, конкурстық құжаттама және МЖӘ шарты жобасын талқылауы және әзірлеуіне қатысуы мүмкін болған жағдай.
Халықаралық тәжірибеде қолданылатын жекешелік әріптестікті анықтаудың жаңа механизмі тікелей келіссөз жүргізу арқылы МЖӘ келісімдерін бекітуге мүмкіндік береді. МЖӘ келісімдерін бекіту жекешелік әріптестікте оның МЖӘ жобасы базасында жүзеге асырылатын дайын объектінің болған жағдайында мүмкін. Осы ретте жекешелік әріптес мемлекетпен келіссөз процессін өз бетінше бастамашылық етуге және тиісті келісім бекітуге құқылы.
Бюджеттік қаржының шектелу шартында МЖӘ әлеуметтік маңызды жобаларды Үкімет, өңірлер мен бизнестің өзара тиімді шартта ұзақмерзімді ынтымақтастықты құру жолымен іске асырудың негізгі баламасы болды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады