• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов пен Д.Медведев Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының мәселелерін талқылады

К.Мәсімов пен Д.Медведев Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының мәселелерін талқылады

22 Ақпан, 2016 20:01
Ресей Федерациясына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастың, оның ішінде қаржылық, көлік-транзиттік, мұнай-газ және энергетикалық салалардағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

Сонымен қатар Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы әріптестіктің ағымдағы және болашақтағы дамуының мәселелерін қарады. 

Кездесу қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары екіжақты және көпжақты тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға пікір білдірді.

Барлық жаңалықтар