Е.Мұсетаев: Мерзімінен бұрын сайлау өткізу – Елбасының уақытылы шешімі

22 Ақпан, 2016 20:58
Мерзімінен бұрын сайлау өткізу – Елбасының уақытылы шешімі, деді СҚО аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерлан Мұсетаев Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу шешімін уақытылы қабылдады. Депутаттар құрамының жаңаруы мен жасаруы бұл жақсы көрсеткіш. Жаңа адамдардың келуі жаңа идеяларға бастау береді», - деді Е.Мұсетаев.

Бас дәрігердің айтуынша, Мәжілістің жаңа құрамында әр саланың өкілдері болуы керек. «Адам бір саладан хабары болып келсе, ол сол саланың бүге-шүгесіне дейін білетін болады», - деді ол.

Е.Мұсетаевтың айтуынша, СҚО 5-ші шақырылым депутаты болғанда ол денсаулық сақтау мәселесін көтерген болатын.

Айта кетейік, 20 наурызда Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауы өтеді.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар