• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Балапан» бағдарламасының іске асырылуы ҚР-да мектепке дейінгі мекемелердің санын екі есеге арттырды

«Балапан» бағдарламасының іске асырылуы ҚР-да мектепке дейінгі мекемелердің санын екі есеге арттырды

14 Қараша, 2013 17:20
Бүгін, 14 қарашада ҚР Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мектепке дейінгі мекемелердің мәселесі қаралды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

«Балапан» бағдарламасы аз уақыттың ішінде мектепке дейінгі мекемелер санын екі есеге дейін өсіруге мүмкіндік берді. Атап айтақ, мектепке дейінгі мекемелер саны 4568-ден 8729-ға көтерілген. Бұл дегеніңіз 3222 балабақша мен 5507 шағын орталықтар. Оларда тәрбиеленетін бүлдіршіндердің жалпы саны 655,3 мыңға жетеді. Пайыздық көрсеткішпен республикадағы 1 жастан 6(7) жас аралығындағы балалардың 48,2%-ын құрайды. Ал 3-6 жас аралығындағы балалардың 71,5%-ы мектепке дейінгі білім беру орындарымен қамтамасыз етілген», - деді ҚР БҒМ-нің мектепке дейінгі және орта білім беру Департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

Мектепке дейінгі мекемелермен ең көп қамтамасыз етілген өңірлердің басында Қостанай облысы (100%) тұр, одан кейін Қарағанды облысы (97,8%), Павлодар облысы (95,6%) мен Батыс Қазақстан облыстары (95,3%).

Ж.Жонтаеваның айтуынша, мектепке дейінгі мекемелердің көбеюіне сеп болғаны шағын орталықтардың көптеп ашылуы (республика бойынша шағын орталықтар 63%, балабақшалар 36,9%). Осыған орай шағын орталықтардағы орындар саны (28,7%) балабақша орындарына (71,3%) қарағанда анағұрлым аз көрінеді.

Сонымен қатар, «Балапан» бағдарламасы аясында 190 мың жаңа жұмыс орындары ашылды.

Барлық жаңалықтар