• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Құрманова: Судья үміткерлеріне жылдық сынақ кезеңі дұрыс және объективті маман таңдауға мүмкіндік береді

Д.Құрманова: Судья үміткерлеріне жылдық сынақ кезеңі дұрыс және объективті маман таңдауға мүмкіндік береді

22 Ақпан, 2016 18:39
Сот үміткерлеріне жылдық сынақ кезеңі дұрыс және объективті маман таңдауға мүмкіндік береді, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген «Қазақстандық заңгерлер одағы» аппаратының жетекшісі Дариға Құрманова.

Еске сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 17 қадамында Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту кіреді. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер төленетін Б

Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 17-ші қадамында Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту мәселесі қарастырылған. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағлымдамадан өтеді. Одан кейін тағы бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді, делінген.

«Мен өзім отставкадағы судьямын. Менің ойымша сынақ мерзімі мен тағлымдамадан өту өте қажет. Бұл туралы Ұлт жоспарының 17-ші қадамында анық жазылған. Мысал үшін бұрындары адвокаттар алқасына өту үшін немесе басқа да құрамға ену үшін арнайы тағлымдамадан өтетін. Ал, судьялар да мүлдем басқаша болатын. Олардың өндірісте істегені немесе істемегені ескерілмейтін және тағлымдамадан өтпейтін. Өте қажет қадам деп есептеймін. Бұндай тағылымдама мен сынақ мерзімінен өткен маман өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайтын болады және талаптарды дер кезінде сапалы орындай алатын болады»,-дейді Д.Құрманова.

 Сарапшының айтуынша, судьялардың кәсібилігі көн нәрселерге байланысты. Сондықтан сынақ мерзімінен өткендері дұрыс.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар