- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада орта мектеп оқушыларының уәждемелік дайындығын жетілдіру бойынша семинар өткізілді
Астанада орта мектеп оқушыларының уәждемелік дайындығын жетілдіру бойынша семинар өткізілді
«Аталмыш семинар уәждемелік дайындыққа бағыттайды. Біздің міндетіміз оқушыларды болашақта кім болғысы келетініне бағыт беру, және олар болашақтарын анықтаса да, оларға мектепте, институт пен өмірлерінде қажет болатын керекті құралдарды береміз. Бұл қарым-қатынастағы шешендік өнер, тұсаукесерлер, коммуникативтік дағдылардың құралы болып табылады, яғни балаларға өздерін дамытып, өз уақыттарын дұрыс жоспарлауын үйреткіміз келеді»,-деді Астаналық азаматтар Одағының мүшесі Александр Спирин.
А. Спириннің хабарлауынша, балаларға орта білім кезінде кедергілерді еңсеруге көмектесе алатын семинар жұмыстары қаланың басқа да мектептерінде өткізіледі. Осылайша, бизнесмен өзінің тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларды дұрыс мамандық таңдауға көмегін беретін қазіргі заманғы әдістерге үйретті.
Осылайша, семинарда айтылған материалдар балаларға өз ісінің таңдауын анықтатып қана қоймай, мықты тұлғаның құрылуына талпыныс жасайды.
Сонымен қатар, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерімен семинар өткізілді. Ол жерде мектептерде дене тәрбиесі қызметкерлерінің жұмысын жақсарту үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру мәселелері талқыланды.
«Мектеп бағдарламасы ұзақ сыналды, алайда денсаулық саласындағы мәселелерді алдын-ала болдырмау үшін өз түзетуімізді енгізе аламыз»,-деді Ринат Абитов.
Жаттықтырушы оқытушылар мен оқушыларға мүсінді сымбатты ұстау және жалпы денсаулық бойынша негізгі міндеттерді айтты.
Айта кетейік, шараны ұйымдастырушшылар «Қазақстан-2050» Жалпы ұлттық қозғалысының қолдауымен Астана қаласының Азаматтық кеңесі болды.
Индира Қауметова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды