- Басты
- Жаңалықтар
- Egov мобильдік қосымшасында 30-ға жуық жаңа қызмет пайда болды
Egov мобильдік қосымшасында 30-ға жуық жаңа қызмет пайда болды
Олардың ішінде, электронды түрде неке тіркеуге өтініш беру, медициналық мекемеге тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу және борышқорлар реестрі арқылы шет елге шығуға тыйымның бар-жоқтығын тексеру мүмкіншілігі де бар. Жалпы қазақстандықтар өздерінің мобильдік құралдары арқылы 80-нен астам түрлі қызмет пен сервистерді пайдалана алады.
Қолжетімділік мүмкіншілігі де артуда – осы уақытқа дейін мобильдік қосымшаны тек iOS пен Android платформалары негізінде колдану мүмкін болса, ақпан айынан бастап Windows платформасы негізінде істейтін смартфондар үшін де қолжетімді болды.
Бұдан басқа қосымша енді, міндетті авторизацияны талап етпейді. Қосымшада қонақ ретінде кіру ескерілген, ол арқылы 10 қызметке қол жеткізуге болады. Олардың ішінде ХҚКО кезекті брондау, мобильдік байланыс қызметтерін төлеу және баланың балабақшаға кезек нөмірін бақылау да кіреді.
Сонымен қатар iOS пен Android платформаларында электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторизациялану функциясы пайда болды. ЭЦҚ Жеке кабинеттің толық мазмұнын қарауға мүмкіндік береді. Мобильдік электрондық цифрлық қолтаңбаның мүмкінтерін толыққанды қолдану үшін оны SIM-картаға (ALTEL мен Beeline абоненттері үшін) жазу немесе телефон жадына көшіру қажет.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары