- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Жанұзақов: Ұлт жоспары аясында 414 жобаның сметалық құнын айқындау жаңа тәсілмен жасалды
Б.Жанұзақов: Ұлт жоспары аясында 414 жобаның сметалық құнын айқындау жаңа тәсілмен жасалды
Бауыржан Жанұзақовтың айтуынша, аталған жобалардың ішінде 287-і оң эксперттік қорытындыға ие болған. Ал, қалған 127 жоба қаралу үстінде. Айта кетерлігі, еліміздегі мемлекеттік кәсіпорындардың барлығы құрылыстағы сметалық құнды айқындаудың жаңа тәсілі бойынша жұмыс істеуі шарт.
«Ресурстық тәсілмен айқындалатын кез келген құжат тек қана мемлекеттік инвестициялар есебінен салынатын нысандар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты болып табылады. Яғни, барлық ұлттық компанияларға соның ішінде жарғылық капиталында мемлекеттік үлесі бар мұнайгаз секторының компаниялары да құрылыстар барысын жаңа тәсілді пайдалана отырып есептеулері керек», - деді Орталық директоры.
Оның айтуынша, қазіргі күні құрылыс саласын ресурстық тәлісге көшіру үшін арнайы курстар ұйымдастырылған. Ол курстарда жобалау ұйымдарының 1190 маманы оқып, аттестациядан өтті. Сонымен бірге, 5 113 пайдаланушы электрондық қолтаңбалар арқылы ресурс тық тәсілдің сметалық бағдарламаларының есептік нұсқасын көшіріп алған.
Айта кетейік, құрылыстағы сметалық құнды айқындаудың ресурстық тәсәліне Қазақстан 2015 жылдың шілдесінен бастап көшіп келеді. Бұған дейін құрылыстағы баға базалық-индекстік тәсілмен 2001 жылғы бағалар деңгейінде айқындалып келген еді. Еске сала кетейік, құрылыстағы ресурстық тәсілмен сметалық құнды айқындау экономикалық дамыған елдердің тәжірибесін ескере отырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 48-і қадамын жүзеге асыру барысында енгізіліп отыр.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді