• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының жеке ауылдарында сумен жабдықтау жүйесі қайта жөндеуден өтуде

Ақмола облысының жеке ауылдарында сумен жабдықтау жүйесі қайта жөндеуден өтуде

14 Қараша, 2013 17:10
«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Жарқайың ауданының Үшқарасу ауылының сумен жабдықтау жүйесі қайта жөндеуден өтуде, деп Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеуден өткізу үшін 180 млн теңге жұмсалды.  «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 6 ай  бойы 2 саңылау мен су құбырының жүйесі ауыстырылды», - деп хабарламада нақтыланған.

Жүйенің үнемі қызмет етуі 300 тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы, Ақмола облысында бағдарламаның жүзеге асуы бойынша сумен жабдықтау жұмысын қайта құрылыс пен құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 9,3 млрд теңге жұмсалды. Бұл қаражатқа 640 км сумен жабдықтау жүйесі жөнделді.

Сондай-ақ, 2013 жылдың 9 айы бойынша сумен жабдықтау бойынша 24 нысан іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 20-сы қолданысқа беріледі. 

Барлық жаңалықтар