- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада атақты аспапшылар – виолончельшілердің қатысуымен қойылым өтеді
Астанада атақты аспапшылар – виолончельшілердің қатысуымен қойылым өтеді
Көпшіліктің назарына классикалық әлемдік музыкалық жауһарлардың ерекше үйлесіміндегі танымал қазақ және неаполитандық әндер ұсынылады.
Кешті халықаралық байқаулардың лауреаттары, ерекше дарынды әрі музыканы терең ұғынатын өнерпаздар Ермек Құрманаев және Арман Тілеубергенов ашады. Орындаушылар XIX ғасырдың ең атақты композиторларының бірі - Сезар Франктың Ля мажор сонатасын паш етеді.
Концерт қызық әрі қарқынды болады деп күтілуде, неге десеңіз, аспапшылар үнемі эксперимент жасау арқылы үйреншікті шеберліктерін түрлендіруде. Әртүрлі стильді көрсету, елордалық көрерменді қызықтыру - олардың алдарына қойған негізгі міндеті.
«Академизм - қатаң дәстүрлі классиканың көрінісі, бүгінгі таңда ол көрерменді ғана емес, әртістердің өздерін де қызықтыра алмайды. Әрдайым жаңа әрі қызық дүниені байқап көргіміз келеді. Бағдарламамызда ұсынылатын формат, біздің ойымызша, ерекше бағдарлама болмақшы. Оның үстіне, осындай жаңалықтар заманауи классикалық сахнаның негізгі сипатына айналады деп ойлаймын. Аспаптық музыка көптеген көрермен үшін түсінгенге айтарлықтай күрделі; вокалдық музыка адамдарға бұрыннан жақын», - деп көрнекті пианиношы, саусағынан бал тамған дарын иесі Арман Тілеубергенов атап өтті.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер