- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери техниканы жөндеу бойынша қазақстандық зауыт халықаралық нарыққа шығуда (ФОТО)
Әскери техниканы жөндеу бойынша қазақстандық зауыт халықаралық нарыққа шығуда (ФОТО)
Отандық кәсіпорынның бұл бағыттағы жоспарына Т-72 танктерін, ЖӘЖМ-1 жаяу әскердің жауынгерлік машиналары мен стандартты және жаңғыртылған БТР-70 бронетранспортерларын іске асыру кіреді.
Зауыттың халықаралық нарыққа шығуы дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен бірге кәсіпорын ҚР Қарулы Күштері үшін жаңа тапсырысты іске асыруға әзір. Бүгінгі күні мүлік жеткізушілермен келіссөздер өткізілді және ресейлік «Оралвагонзауыт» ҰӨК және украиналық «Украрнайыэкспорт» ААҚ-пен келісімшарт жасалды, сондай-ақ «140-шы жөндеу зауыты АҚ-пен (Белоруссия) және «Қазимпекс» ЖШС-мен шарт жасасу бойынша келіссөздер өткізілуде.
Жақын арада 2016 жылға арналған ҚР ҚК мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде кәсіпорынмен алдағы өндірістік және технологиялық процесті игеру және өндірістік жоспарды нақтылау жөнінде жұмыс жүргізіледі.
Бүгінде «Семей инжиниринг» «Қазақстан инжиниринг» АҚ-тың еншілес кәсіпорны броньды танкті техниканы күрделі жөндеуден өткізетін және конверсиялық техниканы дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір зауыт болып табылатынын айта кеткен жөн. Оның қызметінің негізгі түрлері жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын, бронетранспортерларды күрделі, орташа және регламенттік жөндеу, танктерді, жауынгерлік барлау-десанттық машинаны, шағын жеңіл құрышталған тартқышты жөндеу болып табылады. Кәсіпорын сонымен қатар Т-72 танктерін жаңғырту, әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы күрделі жөндеу және дайындаумен айналысады.
Бүгінгі күні зауытта 600-дей адам жұмыс жасайды.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді