- Басты
- Жаңалықтар
- Құқық қорғау органдары академиясы мен Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Құқық қорғау органдары академиясы мен Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Ұ.Байжанов атап көрсеткендей, Құқық қорғау органдарының академиясын құру күш құрылымдарының кадрларын, оның ішінде президенттік резервті сапалы даярлау қажеттілігінен туындады. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хабпен меморандумға қол қою бұл бағыттағы жемісті ынтымақтастықтың бастамасы болады.
Ә.Бәйменов алда тұрған ынтымақтастықтың маңыздылығын айта келіп, күш-жігерді біріктіру құқық қорғау жүйесі өкілдерін кәсіби даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге, сонымен қатар кешенді ғылыми қызметті жүргізуге көмектесетініне сенім білдірді.
Кездесу нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде тараптар құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуға және құқық қорғау қызметінің көкейкесті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы бірлескен зерттеулер жүргізуге үйлестірілген күштерін бағыттайтын болады.
Астана қаласындағы мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб Қазақстан Үкіметінің және БҰҰ ДБ бастамасы бойынша 2013 жылы Астанада 25 мемлекеттің және 5 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен Құрылтай конференциясында құрылды. Хабтың міндеті аймақтағы мемлекеттік қызметтің тиімді жүйелерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері