- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтетін «KADEX-2016» көрмесі 15 000 шаршы метрге өрістетіледі
Астанада өтетін «KADEX-2016» көрмесі 15 000 шаршы метрге өрістетіледі
Мұнда әлемнің әр елінен келген қатысушы компаниялар орналастырылады. Қазіргі уақытта 300-ден аса әскери техника өндіруші компаниялар өз өнімін көрмеде ұсынуға әзір. Бұл ретте шетел қатысушыларының, сондай-ақ таяу және алыс шет елдерінің меймандарынан өтінімдер күн сайын келіп түсуде. Алдағы «KADEX-2016» көрмесі Астанада маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтетінін естеріңізге сала кетейік.
Аталмыш көрменің басты мақсатының бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін жандандыру болып табылады. Әскери мақсаттағы қазақстандық және шетел тауар өндірушілерінің бірлескен жұмысы үшін алаң ретінде көрме отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге «KADEX-2016» жетекші шетел және отандық тауар өндірушілерімен әскери-техникалық ынтымақтастықты жетілдіруге ықпал етеді, әрі қарай сатып алу үшін өнімнің түрлерін айқындауға мүмкіндік туғызады. Бүгінгі таңда «KADEX» көрмесі 2010 жылдан бастап үш рет өткізілді.
Оның басты нәтижесі әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электрондық аспаптарды өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару және техникалық қызмет көрсету, үш координаталы радиолокациялық станцияларды өндіру, сондай-ақ броньды кеудешелерді шығару бойынша бірқатар бірлескен өндірістер болды.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ