- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Жапония елшісімен кездесті
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Жапония елшісімен кездесті
Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді.
Өткен 10 жыл ішінде біздің экономикамызға салынған жапон инвестициясының мөлшері 4,5 миллиард доллардан асты. 2015 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 1,4 миллиард доллар болды (экспорт – 858,6 миллион, импорт – 584,7 миллион доллар). 2014 жылы Қостанайда «Тойота» маркалы машина құрастыру зауыты іске қосылды. Қазақстанда 50-ге жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген, 700 миллион доллардан асатын бірлескен 6 жоба жүзеге асырылған. Құны 700 миллион теңге болатын тағы 10 жоба нақтылануда.
Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыздану және таратпау, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісі жөнінен жақын одақтас екенін атап өтті. 2015 жылғы ақпанда Қазақстан мен Жапония Венада Ядролық сынақтарды жаппай тоқтату туралы шарт ұйымының отырысында конференцияның 2015-2017 жылғы кезеңіндегі тең төрағалары болып сайланды.
Г.Әбдіқалықова жоғары деңгейде, сонымен бірге іскер топтар арасында тығыз саяси байланыстар және жиі делегациялар алмасып отыру өзара жан-жақты іс-қимыл үшін жаңа көкжиектер мен перспективаларға жол ашатынына сенім білдірді.
Мемлекеттік хатшы кездесу соңында М. Камохараға белсенді әрі жемісті қызметі, Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, игілік пен табыс тіледі.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер