• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өңірлік даму министрлігі жобаларды іске асыруда типтік жобалардың орындалуын талап етеді – Б.Жәмішев

Өңірлік даму министрлігі жобаларды іске асыруда типтік жобалардың орындалуын талап етеді – Б.Жәмішев

14 Қараша, 2013 16:28
Өңірлік даму министрлігі жобаларды іске асыруда типтік жобалардың орындалуын талап етеді, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

«Өңірлік даму министрлігі жобаларды іске асыруда типтік жобалардың орындалуын талап ететін болады. Біз жұмысты ендi ғана бастап отырмыз, сондықтан 2014 жылы барлығын қамтып үлгермеймiз. Егер бюджетке енгiзiлген қандай да бір жоба бар болса, және олар типтік негізде дайындалмаса, типтік жобадан арзан болса, онда жақсы, ал егер қымбат болса, онда әр жоба жеке-жеке қаралатын болады. Осы тұрғыдан 2014 жыл жобаларды тоқтатып алмау үшін барынша ыңғайластырылады»,- деді минситр.

Министрдің айтуынша, материалдар құнының жоба құнына әсер етуіне байланысты, безнестік-индекстік әдістемеден ресурстың әдістемеге өту тұжырымдамасы дайындалды.

«Қазіргі таңда «Самұрық Қазынаның» сатып алу жүйесінде, сатып алудың электронды түрде жүргізілетініне орай, құрылыс материалдарының құнына қатысты көптеген ақпараттар бар. Біз осыған қарап шын баға бойынша жұмыс істеп, қайдағы жоқ шартты сандар мен шартты жағдайлардағы шығындарды ескермейміз», - деді Жәмішев.

Барлық жаңалықтар