- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаңғы фестивалі өтті
Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шаңғы фестивалі өтті
Қала әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, биыл 16-шы рет өткізіліп отырған шаңғы мерекесіне 3 мыңнан астам салауатты өмір салты мен белсенді демалысты таңдайтын қала тұрғындары жиналды, олардың ішінде 2700 - шаңғы жарысына қатысушылар. Кәсіпқой спортшылармен бірге әуесқойлар да шаңғы тепті. Мектеп оқушылары, спорт мектептерінің шәкірттері, күш құрылымдарының өкілдері, балалар мен ардагерлер арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылды. Әдеттегідей жаппай жарысқа қатысушылардың саны көп болды. Дистанциялар жас санатына қарай 1-3 км құрады.
Есіл өзенінің бойында нағыз спорт қалашығы бой көтерді. Шаңғы жарысынан басқа, көрші алаңдарда тағы да сегіз спорт түрінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, гір көтеру спорты, армрестлинг, шағын футбол, су астынан балық аулау, арқан тарту, белбеу күресі, хоккей және мотокросс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шаралары арасында концерттік бағдарлама қойылған болатын. Айта кетейік, биыл құрылғанына 25 жыл толуын атап өтетін Ұлттық Олимпиада комитеті шараға белсенді қатысты.
Дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігімен ұйымдастырылған фестиваль елордада қысқы спорт маусымын жапты. Астанада биыл шаңғы маусымы аясында 15 шаңғы жарысы өткізіліп, оған 6 мыңнан астам адам қатысқан.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті