• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өңірлік даму министрлігінің міндеті - өңірлік дамудың тиімді механизмдерін институтанализдандыру – Б.Жәмішев

Өңірлік даму министрлігінің міндеті - өңірлік дамудың тиімді механизмдерін институтанализдандыру – Б.Жәмішев

14 Қараша, 2013 16:25
Өңірлік даму министрлігінің басты міндеті институттық сараптама жасау, яғни аймақтық дамудың тиімді тұрақтылық механизмін қалыптастыру болып табылады, деп мәлімдеді Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев ОКҚ брифингінде.

«11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының таққан сыны Өңірлік даму министрлігі қызметінің қарапайым ұйымдастыру мәселелеріне қатысты емес, ол шешімін табу керек көптеген жүйелі мәселелерге қатысты айтылған. Ол мәселелерді жүйелі түрде шешу керек. Мен министр ретінде министрліктің басты мақсаты - өңірлік дамудың тиімді тұрақтылық механизмін қалыптастыру екенін айтамын», - деді Б.Жәмішев.

Және де ол жобалардың қымбаттау жағдайына өзінің пікірін айтып, оның себебі ретінде жобалау шешімдеріндегі құнының өзгеруіне байланысты екенін атады.

«Шынымен де, біз құны 47,7 млрд теңге болатын 55 жобаны алдық. Осыған орай жобалау құнының өсуіне қатысты сараптама жасалып, ондағы баға өсіміне себеп болған басты нәрсенің тапсырушы тарапынан жобалау шешімдеріне енгізілген өзгеріс екені анықталды. Бұл жобалардың атүсті дайындалғанын көрсетеді», - деді Өңірлік даму министрлігің басшысы.

Өз сөзiнде ол министрлiк құрылыстың жобалық құнының арту себептерiн тiркеумен шектелмей, алдын ала қарастырылған нақты жұмыстардың жүргiзiлетiндiгiн тiлге тиек еттi.

«Министрлiк пен министр ретiнде өзiмнiң негiзгi қызметiмдi құрылысшыларды алмастырумен шектелуде деп бiлгiм келмейдi, бұл саламен тиiстi мамандар айналысатын болады. Нәтижелi аймақтық дамытуды жүргiзу үшiн институтционалдық құралдарды қамтамасыз ету мiндетi қойылып отыр. Көптеген салалық бағдарламаларда бытыраңқылық бар. Олардың барлығында инженерлiк коммуникациялар құрылысы қарастырылған. Бұл барлық әдiс-тәсiлдердiң кешендiлiгiн қамтамасыз ететiн құралдың қажеттiлігiн көрсетедi»,- дедi министр.

Болат Жәмiшев тапсырыс берушiлер тарапынан жобалық шешiмдерге өзгерiстер енгiзбеуiн қарастыратын әкiмшiлiк шараның қолға алынатынын жеткiздi.

«Бiз жобаларды iске асыруда типтiк жобалардың жүргiзiлуiн талап ететiн боламыз. Біз жұмысты ендi ғана бастап отырмыз, сондықтан 2014 жылы барлығын қамтып үлгермеймiз. Бюджетке енгiзiлген жобалардың құнын қарастыратын боламыз»,- деп түйiндедi ол.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар