- Басты
- Жаңалықтар
- ОСК-да сайлау алдында жүргізілетін үгіт жұмыстардың тәртібі мен шарттарын айтты
ОСК-да сайлау алдында жүргізілетін үгіт жұмыстардың тәртібі мен шарттарын айтты
«Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары – бұл партия сайлаушыларының өздеріне немесе басқа саяси партияға дауыс беруін ояту. Партиялық тізімін берген саяси партиялар өздерінің сайлауалды бағдарламасымен халық алдында, сайлаушылар алдында сөз сөйлейді. Бағдарлама сайлау туралы заңның талаптарына келуі тиіс. Егер қандай да бір бұзушылық байқалған жағдайда ОСК партия тізімін тіркеуден бас тарта алады»,-деді ҚР ОСК мүшесі Ляззат Сүлеймен Астанада өткен брифингте.
ОСК мүшесі заңнамалық үгіт-насихаттың ережесі үш пункт бойынша реттеліп, іске асырылуда.
«Біріншіден, бұқаралық ақпарат құралдары арқасында. БАҚ-та үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ережесі бойынша семинарлар өткіздік. ОСК-нің үгіт-насихат туралы қаулысы республикалық және аймақтық БАҚ өкілдеріне хабарландырылды. ОСК-ның сайтында да жарияланды. Басты ерже – барлық партиялар мен үмірткерлерге бірдей ереже мен жағдайлар. Екіншіден, сайлауалды шаралардың, сайлауалды жиналыстар мен сайлаушылармен кездесулер, сайлауалды жарыссөздер мен пікірталастардың өтуі. Партиялар митингілер, шерулер мен көрсетулер өткізе алады. Заңнамаға сәйкес, саяси партиялар өздерінің ұйымдастыратын іс-шараларын жергілікті атқарушы органмен келісу керек. ЖАО-ның міндетіне үгіт материалдарын орналастыруды анықтау, сондай-ақ келісім шарт негізінде партиялар, кандитаттарға сайлаушылармен кездесуге үй-жайларды қамтамасыз ету жұмыстары кіреді. Үшіншіден, баспа және дыбыстық бейнелерді тарату мен жариялау, сондай-ақ суретті материалдар, сайлау науқанына арнауы жасалған тулар мен белгішелерді тарату жұмысары»,-деді ол.
Сонымен қатар Л.Сүлеймен партиялардың сайлау науқынына үгіт жұмыстары олардың сайлау қорларының қаражатына жүргііліп жатқандығын айтып өтті.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады