- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да оңтүстік-корей технологиясы бойынша жылына 16 миллионға жуық шұлық-нәски өнімдерін шығарады
ОҚО-да оңтүстік-корей технологиясы бойынша жылына 16 миллионға жуық шұлық-нәски өнімдерін шығарады
19 Ақпан, 2016 17:58
Өткен жылдың 11-ші желтоқсанында Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Қазақстанның жаңа индустриализациясы» деген атаумен жалпы ұлттық телекөпір ұйымдастырылған болатын. Онда Оңтүстік Қазақстан облысындағы шұлық-носки өнімдерін шығаратын фабрика іске қосылды. «Әлем БТ» ЖШС-ң жобасын жүзеге асыру үшін 2 млрд. теңге инвестиция тартылды.
«Біз оңтүстік-корей технологиясы бойынша жылына 16 миллионға жуық шұлық-носки өнімдерін шығарамыз. Біздің өнім тек ішкі нарыққа ғана емес, шетелге де шығарылады. Бұл жұмысты іске асыру үшін бізде 400-ге жуық тұрақты жұмыс орыны құрылған. Елбасының сара саясатының арқасында мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып отырмыз. Осындай өндіріс орындарының ашылуы арқылы еліміз бұдан әрі дамиды және ел байлығы еселене түседі», деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген «Әлем БТ» ЖШС-ң құрылтайшысы Қайрат Балабиев.
Аталмыш жоба «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының территориясында жүзеге асуда. Дәл бүгінгі таңда бұл аймақта 2144 адам жұмыс істейтін 28 млрд. теңгенің 10 жобасы жұмыс істеп тұр.
Анар Тәңірқұлова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек