- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тұрғанқұлов: Астана мен Алматы мәслихатының 1 орнына 4-5 адам үміткер бола алады
Қ.Тұрғанқұлов: Астана мен Алматы мәслихатының 1 орнына 4-5 адам үміткер бола алады
“Мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 19 ақпанда аяқталады.19 ақпандағы таңғы сағ. 9.00-дегі жағдай бойынша жалпы республика бойынша 11 133 кандидат ұсынылды. Осылайша, орташа бәсекелестік 1 депутат мандатына 3-тен астам үміткерді құрады.Ұсынылған кандидаттардың 68,6 %-ы өзін-өзі ұсынғандар, ал қалған 31,4 %-ын саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынды”, - деді Қ.Тұрғанқұлов.
1 617 адам облыстық мәслихаттарға, 126-сы астана мәслихатына, 165-і Алматы мәслихатына дауысқа түсуде. Аудандық мәслихатттарға - 7 085 кандидат, ал қалалық мәслихаттарға 2 140 кандидат ұсынылды.
“Кандидаттардың 75,1 %-ның жоғары білімі бар. Көпшілігі - мұғалімдер, инженерлер мен экономистер.Кандидаттардың орташа жасы – 43,6 жас. Соның ішінде жасы жағынан ең үлкен кандидат 89 жаста”, - деді ол.
Кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға дейін созылады, ал 24 ақпаннан бастап мәслихаттар депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар үгіт жұмысына кірісе алады.Брифинг соңында Ортсайлауком Басшысы сайлау процесіне қатысушылар тарапынан, сондай-ақ байқаушылар, оның ішінде шетелдік байқаушылар тарапынан алдағы сайлауға жоғары қызығушылықты атап өтті.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды