- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бишімбаев: «Startup «Bolashak» байқауының қатысушылары 30 млн теңгенің грантына ие болды
Қ.Бишімбаев: «Startup «Bolashak» байқауының қатысушылары 30 млн теңгенің грантына ие болды
“«Startup «Bolashak» жеңімпаздары және бизнесті дамытуға арналған «Болашақ» Қауымдастығы мен серіктестер гранттарының иегерлері болып танылғандар: Бірінші орын – Әділет Елеусов (Астана қ.). Бизнес-идея – оқушыларға арналған қызықты зертхана құру. Гранттың жалпы сомасы 10 миллион теңге.Екінші орын – Елдос Баялышбаев (Талдықорған қ.). Бизнес-идея – Алакөл көлінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пансионат ашу. Гранттың жалпы сомасы 8 миллион теңге.Үшінші орын – Бахтыгүл Қасымова (Павлодар қ.). Бизнес-идея – шыныдан жасалған бұйымдарды қайта өңдеу және өндіру. Гранттың жалпы сомасы 5 миллион теңге”, - деді ол.
Айтылған жеңімпаздардан басқа, «Startup «Bolashak» байқауының қалған 7 финалистері жобаның серіктестері («Bi-Group», «Atasu Group of Companies», «Sheberbuild») ұсынылған бизнес-идеяларды дамытуға 500 мың теңгеден бастап 2,5 миллион теңгеге дейін ақшалай қаражат берді.
Мысалы, «Bi-Group» холдингі мен «Sheberbuild» компаниясынан 2,5 миллион теңге гранттарын СҚО Саумалкөл ауылының жас кәсіпкері Вера Сухованың жабайы құсты өсіру жобасы алды. Қантты төмендететін емдәмдік өнімдерді өндіру бойынша жобаны дамыту үшін «Atasu Group of Companies» компаниясынан 650 мың теңге грантын Екібастұз қаласының кәсіпкері Дархан Мукаев алды. «Bi-Group» холдингі медицина саласындағы «3D Assistant» жобасына Астана қаласының кәсіпкері Аманжол Балғазаровқа 2 миллион теңге бөлді.
«Startup «Bolashak» байқауы жақсы кері байланыс берді. Сонымен қатар, «Байтерек» Холдингінің еншілес құрылымдарында көрсетілетін, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен кәсіпкерлікті қолдау құралдарына жас бизнесмендердің назарын аударды», - деп «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, «Бәйтерек» Басқарма Холдингінің төрағасы Қуандық Бишімбаев атап өтті.
Жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған жоба 2015 жылдың 20 шілдесінде басталды. Бүкіл Қазақстан бойынша байқауға қатысу үшін 2095 өтінім қабылданды. Ұсынылған жобалардың негізгі бағыттары - өндеуші өнеркәсіп, ақпарат пен байланыс, білім және тағы басқалары.
Жобаларды іріктеуді құрамында танымал бизнесмендер, тәуелсіз сарапшылар, қаржы және бизнес құрылымның өкілдері бар байқау комиссиясы жүзеге асырды. Іріктеуде олардың әлеуметтік маңыздылығы, нарықтағы сұранысы, бірегейлігі, өтімділігі ескерілді.
Ең үздік бизнес-идеялардың 20 авторлары Астана қаласына оқыту бизнес-тренингтеріне қатысуға шақырылды. Оқудан кейін қатысушылар өздерінің жобаларын дайындап, оларды байқау комиссиясына ұсынды. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша, Бизнес-жоспарлар марафонында ақшалай грантты иеленуге күресуді жалғастыратын 10 финалистің есімдері мәлім болды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы негізінде, бір ай көлемінде қатысушылар өз бизнес-жоспарларын жасап, қазылар алқасына ұсынуға дайындалды. Сондай-ақ, финалистерге табысты және танымал бизнесмендер қатарынан менторлар көмектесті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек