- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жергілікті полицейлер психологиялық тәжірибеге дағдылануды оқып жатыр (ФОТО)
Маңғыстау облысында жергілікті полицейлер психологиялық тәжірибеге дағдылануды оқып жатыр (ФОТО)
Жобаның бірінші кезеңінде жергілікті полиция құрамының 200 қызметкері қамтылмақ. Полиция қызметкерлерімен қазақстандық тәжірибелі психологтар, жанжалтанушылар және әлеуметтік коммуникация салаларының срапшылары жұмыс істейтін болады.
«7 айға жуық уақыт білімдерін жетілдіретін қызметкерлер түрлі қиындықтар туындаған жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, сабырлылықты, халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуді үйренеді. Сонымен қатар, идеологиялық тұрғыда халықпен жұмыс жүргізе алу қабілеттерін арттыратын болады», делінген хабарламада.
«Ұлт жоспарында полиция қызметкерлерінің жұмысын жетілдіру мен халықтың өздеріне деген сенімін арттыру мәселесі анық белгіленген. Тұлғалық сапаларыңның артуы мен кәсіби дағдыларың сіздердің жұмыстарыңыздың ашықтығын көрсететін алғашқы баспалдақ. Бүгін сіздер біріңғай кешендік Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлерін оқыту бағдарламасының құрамдық бөлігін бастайсыздар. Алған білімдеріңіз полиция қызметінің имиджін көтеретініне сенімдімін», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов.
Әкімдіктің атап өтуінше, курс тыңдаушылары берілген ақпаратты толық қабылдап, тәжірибе жүзінде іске асырулары үшін оларды оқыту айына бір рет жүргізіледі.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар