Қазақстандағы ет өңдеу үлесі 31 пайызды құрады – АШМ

19 Ақпан, 2016 11:19
Қазақстандағы ет өңдеу үлесі 31 пайызды құрады, деді АШМ алқа отырысында ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева.

«Қазақстанда 2015 жылы ет өңдеу үлесі 31 пайызды, сүт өңдеу – 39 пайызды құрады. Мал өнімін импорттаудың үлесі қысқарды», - деді ол.

Вице-министр атап өткендей, тұқымды репродукторлардың құрылу бағыты бойынша 64,9 мың мал басы кіргізілді, ол жоспардың 93 пайызын құрады.

 «Тұқымды малды енгізу деңгейін түсіру шешімі қабылданды. Қазақстандық репродукторларға отандық малдың сұранысы өсті», - деді ол.

«Бүгінгі таңда  277 мың  ІҚМ сатып алынды. Қоректендіру алаңдары – 177 мың малды қоректендіруге қауқарлы», - деді ол.

 

 

 

Барлық жаңалықтар