С.Омаров: Қазақстан 4,9 млн тонна астық экспорттады

19 Ақпан, 2016 10:53
Қазақстан экспортқа 4,9 млн. тонна астық тиеді, деп хабарлады Ауыл шаруашылық вице-министрі Сапархан Омаров ведоствоның кеңейтілген коллегия отырысында.

«Биылғы жылдың 1-ші ақпанындағы жағдай бойынша экспортқа 4,9 млн. тонна астық тиелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған 961 тоннаға немесе  24%-ға артық. Оның ішінде 3,3 млн. тонна астық, 1,2 млн. тонна ұн бар», - деп аттап өтті ол.

С.Омаровтың берген мәліметі бойынша өткен жылы барлық жиналған өнім 18,8 млн. тоннаны құраған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 млн. тоннаға артық.

Сонымен қатар ол, бидай 13,7 млн. тонна, арпа 2,7млн. тонна, майлы дақылдар 1,5 млн. тоннадан артық жиналғанын айтты.

Барлық жаңалықтар